74жастағы Аль Пачино алғаш рет үйлену туралы шешім қабылдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетелдік БАҚ 74 жастағы Голливуд актері Аль Пачино 35 жастағы танысына үйленгелі жатқанын хабарлады.
Танымал актер өмірінде бірінші рет отбасын құрмақ екен. Мұндай шешімді ол Аргентинаның сұлу актрисасын көргеннен кейін ғана қабылдаған, деп жазады Дни.ру.
Актер таңдаған сұлудың есімі - Люсила Сола. Телесериалдар арқылы танымал болған. Америкалық «Total Film magazine» журналына берген сұхбатында актер Люсилаға ессіз ғашық болғанын жасырмапты. БАҚ-тың жазуынша, атақты актердің некелеспеген әйелінен туған үш баласы бар. Үлкен қызы Паячино 25 жаста болса, егіз ұл-қызы 14-те.