75 жастағы тұрғын өз үйінде бомба қойылды деп хабарлап, елді дүрліктірді - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 22 қазан күні сағат 16.40-та Зеленов ауданы Трекин ауылының тұрғыны Приурал полиция бөліміне өз үйіне бомба қойылғаны жөнінде хабар берген.
None
None

БҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аудандық ішкі істер бөлімінің жедел тергеу тобы мен департаменттің экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қауіпсіздік шараларын қолдана отырып, автокөлік жолын жапқан. Оған қоса алты үйден отыз шақты адамды көшірген.

Көп ұзамай жалған қоңырау шалған осы ауылдың 75 жасар тұрғыны анықталып, ұсталды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, лаңкестік актісі туралы жалған хабарлама бергені үшін жаза биылдан бастап қатаңдатылғаны белгілі. Енді мұндай қадамға барғандар ҚР ҚК 273-бабына сәйкес 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Соңғы жаңалықтар