77 адамды қырып тастаған А.Брейвикке қатысты сот шешімі бүгін шығады
АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Норвегияның Осло қаласының соты лаңкестік әрекеті үшін кінәлі деп табылған Андерс Брейвикке қатысты шешім шығарады. Өткен жылы ол 77 адамды қырып тастады.
2011 жылы шілденің 22-сі күні А.Брейвик, ең бірінші, Осло қаласының орталығында жарылыс ұйымдастырды. Соның саларынан 8 адам қаза тапты. Осыдан кейін Утейя аралында орналасқан Норвегияның жұмыс партиясының жастар лагеріне барып, 69 адамға оқ атып, бәрін жайратып тастаған.
Бүгін, тамыздың 24-і күні Осло қаласында лаңкестік әрекеті үшін кінәлі деп табылған Андерс Брейвикке қатысты сот шешімі шығарылады. Оны 21 жылға бас бостандығынан айырып, психиатриялық емханада емделуге міндеттеуі мүмкін.