77 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр - ДСМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 6 маусымдағы мәлімет бойынша коронавируспен ауырған 573 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
«6 маусымдағы мәлімет бойынша, 24 709 адам коронавирус инфекциясынан (23 814 КВИ+ және 895 КВИ-) емделуде, оның ішінде 8 653 пациент стационарда жатыр, 16 056 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
573 адамның жағдайы ауыр,
130 пациенттің жағдайы өте ауыр,
77 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген хабарламада.
Елімізде 4 маусымдағы мәлімет бойынша, 18 адам короанвирус инфекциясынан қайтыс болды. Оның 15-і КВИ+, 3-уі КВИ-.