770 пәтерге 5,6 мың үміткер: Астанада жастардан өтінім қабылдау аяқталды

тұрғын үй
Фото: Кazinform

12 қарашада Астанада жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау аяқталды, деп хабарлайды Кazinform елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Qatysu.zhilfond.kz порталына барлығы 5 623 өтінім түскен.

Сатып алу құқығынсыз арендаға берілетін тұрғын үй бағдарламасы аясында жұмыс істейтін жастарға 770 пәтер бөлінеді.

«Азаматтардың өтінімдерінің қаралу статусы туралы ақпарат өтінім беру кезінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі. Қорытынды zhilfond.kz сайтында жарияланады», - делінген әкімдік мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар