79 адамды өлтірген қылмыскер ұсталды

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Мексикада 79 адамды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды.

79 адамды өлтірген қылмыскер ұсталды

Reuters ақпараты бойынша, бастапқыда қылмыскерді елдің солтүстігіндегі қалалардың бірінде есірткі саудалағаны үшін ұстаған.

Соңынан оның тапсырыспен бірнеше кісіні өлтіргені анықталды.

Айыпталушы 45 адамды өлтіргенін мойындады. Полицейлер оның тағы 34 кісі өліміне қатысы барлығына айғақтар жинап жатыр.