79 жастағы қарт Шымкенттен Ташкентке велосипедпен жетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының тұрғыны, 79 жастағы Кеңесбек Сейтімбет көрші елдің астанасына велосипедпен жетті, деп хабарлайды otyrar.kz. 

79 жастағы қарт Шымкенттен Ташкентке велосипедпен жетті

Қарт жүзден астам км жолды жарты тәулікте жүріп өткен. Енді ол Өзбекстанның көне қалалары мен тарихи орындарына баруды жоспарлап отыр. Ақсақал мұндай ұзақ жолға алғаш рет шығып отырған жоқ. Велосипедті жанына серік еткен ол 30 жылда 20 мың км-ден астам жолды басып өткен. Ал Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ол Ауғанстан астанасы Кабулға жеткен. Ол уақытта қарт 75 жаста болған. Биылғы сапарын Кеңесбек Сейтімбет Өзбекстанның Қазақстандағы жылына арнады.

«Қыстың қақаған суығы мен шілденің аптабында үлкен сапарға шығу қиын көрінетін. Бірақ мен спортпен көп шұғылданам. Күнде жаттығамын жесе де болады, сол себепті шаршау дегенді білмеймін. Қазақ пен өзбек бір туған айғайын халық. Ең бастысы бізге бейбітшілік пен достық қарым-қатынасты сақтау керек»,-дейді Шымкент тұрғыны Кеңесбек Сейтімбет.