8 ақпан. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 8 ақпан күнгі есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР

Целиноград қаласында туған. Мәрмәр Университетін бітірген, экономист (Ыстанбұл қаласы, 1999).
1999-2002 жылдары - ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінде қызметкер, мұнай, газ және энергетика бөлімінің бастығы, Кірістерді талдау және болжамдау департаментінің бастығы. 2002-2003 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің Кірістер, конвенциялар мен келісімшарттар департаментінің ағымдағы кірістер басқармасы бастығының міндетін атқарушы. 2003 жылы - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің кірістерді талдау және ағымдағы болжамдау басқармасының бастығы. 2003-2005 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің Кірістерді талдау департаментінің директоры. 2005-2008 жылдары - жеке компанияның директоры, «Инвестициялар рентабельділігін зерттеу агенттігі» ЖШС экономикалық тобының жетекшісі. 2008-2017 жылдары ҚР Қаржы вице-министрі болды. 2017-2019 жылдары ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметін атқарған. 2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі. 2021 жылдан Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары болды.

45 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Мадияр Смәділұлы МЕҢІЛБЕКОВ дүниеге келді.
Жамбыл облысы, Меркі ауданында туған. 2002 жылы Ливияның Триполи қаласындағы Исламға шақыру университетін бітірген, араб тілі және исламтану бакалавры. 2004 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистратурасын аяқтаған, филология магистрі.
2002-2005 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы. 2005-2006 жылдары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аға оқытушысы. 2006 жылғы сәуірден қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің үшінші хатшысы. 2006-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің атташесі, үшінші, екінші хатшысы. 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің бірінші хатшысы. 2012-2015 жылдары Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің кеңесшісі. 2015-2017 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі. 2017 жылғы сәуірден 2019 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Дубайдағы Бас консулы.
2019 жылғы 26 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

44 жыл бұрын (1979) Қарағанды облысы прокурорының орынбасары Данияр Айтмұхаметұлы АЙТМҰХАМЕТОВ дүниеге келді.
2000 жылы Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша, 2006 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін менеджмент мамандығымен аяқтаған.
Еңбек жолын Қазақстан Республикасы прокуратура органдарында бастаған (2000-2006 жылдары). 2006-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Орталық аппаратында лауазымды қызметтер атқарған. 2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы облысы Әділет департаментінің бастығы болып еңбек еткен. 2012-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы. 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы.
Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың сәуірінен.
Қазақстан Республикасы Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық медалімен марапатталған.

4 3 жылбұрын (1980) Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Қанатбек Бақытұлы ЖАЙСАҢБАЕВ дүниеге келді.
Қызылорда қаласында туған. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «заңгер», 2012 жылы Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетін «экономист» мамандығымен тәмамдаған. 2000-2001 жылдары Қазақ мемлекеттік заң академиясының Қызылорда филиалында мұғалім, Қызылорда облыстық әкімшілік сотының бас маманы (08.2001-09.2001), Қызылорда облысы әкімі аппаратының маманы, бас инспекторы, мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі (2001-2005), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы (2005-2007). «Kazakh Integrated Services» ЖШС және «CNRG Capital» ЖШС заңгері (2007-2008). Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары (2008-2010), 2010-2016 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы, кейін Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған. 2021 жылғы сәуір – 2022 жылғы 9 желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті.
Қазіргі қызметінде – 2022 жылдың желтоқсанынан бастап еңбек етеді.