8 анықтама алып кел де, жүлде ал!
ТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат. «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ 2011 жылдың 14 қазанынан 14 қарашасына дейін «электрондық үкімет» порталының пайдаланушыларына акция өткізеді.
Акция шарты қарапайым: «электрондық үкімет» шоу-румына 8 анықтама немесе www.egov.kz порталында алған түбіртектерді алып келген әрбір адамға жүлде бар!
* 8 анықтаманы бір адам алуы қажет.
«Электрондық үкімет» шоу-румдары Қазақстанның төрт қаласында (Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе қалалары) шілде айынан бастап MEGA сауда, ойын-сауық орталықтарында ашылған.
Онда келушілер порталда тіркеліп, электронды-цифрлық қол таңбаға ие бола алады, қажет болса керек анықтаманы да алу мүмкіндігі бар. Шоу-рум мамандары кеңес беріп, «электрондық үкімет» порталымен таныстырады.
«Электрондық үкімет» порталында мемлекеттік органдардың қызметтері қолжетімді, бұдан басқа портал арқылы салық және өзге де міндетті төлемдер, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұлдарды төлеу мүмкіндігі бар.
«Электрондық үкімет» шоу-румдары күнделікті сағат 10.00 ден 22.00 дейін түскі асқа үзіліссіз жұмыс істейді.
Барлық сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1414 тегін анықтамалық қызметіне телефон соғуға болады.