16:59, 27 Қыркүйек 2015 | GMT +5
8 ай ішінде елорда кәсіпорындары 261,6 млн. теңге сомасының құрылыс қызметтерін орындады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы қаңтар-тамыз айларында Астана қаласының кәсіпорындары мен ұйымдары 261 582,7 млн. теңге сомасына құрылыс қызметтерін орындады.
Астана қаласы статистика департаментінің хабарлауынша, орындалған құрылыс жұмыстарының 62,9%-ы жеке меншік мердігерлік ұйымдарға, 37%-ы шетелдік мердігерлік ұйымдарға тиесілі, мемлекеттік мердігерлер жұмыстың жалпы көлемінің 0,1%-ын орындады.
Құрылыс жұмыстарының 97,2%-ы - құрылыс-монтаж жұмыстары, 1,7%-ы - күрделі жөндеу, 1,1%-ы - ағымдағы жөндеу болып келеді.
Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде тұрғын және тұруға арналмаған ғимараттардың құрылысы бойынша жұмыстар басым үлеске ие болды, олардың көлемі 136987,7 млн. теңгені (52,4%) құрады, 20554,9 млн. теңге (7,8%) өзге де мамандандырылған құрылыс жұмыстарында игерілді.