8 айда 132 пара беру фактісі анықталды - Қаржы полициясы

Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.
Қаржы полициясы парақорлықпен, оның ішінде пара берумен күресті күшейткендігін атап өткен ол: «Мәселен, егер өткен жылы пара беру фактілері бойынша қаржы полициясы 97 қылмыстық іс қозғаса, ағымдағы жылдың 8 айында осындай 132 қылмысты анықтады», - деді.
Оның атап өтуінше, Астана қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының Білім беру саласын бақылау департаментінің директоры лауазымына тағайындауға жәрдемдесуі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім беру саласын бақылау комитеті төрағасының орынбасары А.Ахметовке 50 мың АҚШ доллары көлемінде пара бергені үшін Сламбеков 10 жылға сотталды.
«Мирзаметов 1 жылға бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасына сотталды. Ол Жамбыл облысының Кедендік бақылау департаменті Контрабандамен күрес басқармасының маманына баласын қылмыстық жауапкершілікке тартпауы үшін 2 мың АҚШ долларды пара ретінде берген»,- деді ол.