8 қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

8 қалада ауа сапасы нашарлайды

14 қазанда Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Теміртау және Өскемен (2 дәрежелі), Семей (2 дәрежелі), Риддер (2 дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Қазақстандық студенттер әзірлеген жасанды интеллект жобасы Нью-Йоркте жеңіске жетті
Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық студенттер әзірлеген ЖИ жобасы Нью-Йоркте жеңіске жетті