8 қаңтар күні ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 8 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан территориясында тұрақсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің оңтүстігінде және батысында кей жерлерде жауын-шашын жауады, ал қалған аймақтарда қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, тек оңтүстік-батыста жел күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде тұман түседі, ал республиканың қалған аймақтарында кей жерлерде тұман күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Манғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады. Манғыстау облысының кей аймақтарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.




Соңғы жаңалықтар