8 қаңтарда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 8 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
Сағат 11.00-де ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтеді.
Күн тәртібінде:
1. 10 қаңтарға тағайындалған ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі науқан барысында ҚР Орталық сайлау комиссиясына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарау барысы;
2. Сайлау учаскелерін материалдық-техникалық жарақтандыру, санитарлық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың сайлау құқығын қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар жүргізген жұмыс нәтижесі.
Сағат 11.00-де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде баспасөз мәслихаты өтеді. Онлайн эфир сілтемесі: https://www.facebook.com/anticorruption.kz .
Сағат 14.30-да Халықаралық Түркі академиясы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» атты халықаралық онлайн-конференция өткізеді.
Сағат 18.00-де ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтеді.
Күн тәртібінде:
1. ҚР Парламенті Мәжілісіне кезекті сайлауға партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылау.
2. 10 қаңтар күні ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауға дауыс беру учаскелерінің дайындығы.