8 қараша. Туған күн иелері
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 8 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
120 жыл бұрын (1898-1937) Алаш қозғалысының қайраткері, әдебиет сыншысы, абайтанушы Ыдырыс МҰСТАНБАЕВ дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында туған.
Тінібай медресесін, екі сыныпты орыс-қазақ училищесін бітіріп, Семей гимназиясында оқыды. Еңбек жолын пошта телеграфисі болып бастады.
1918 жылы Семейде Алаштың атты әскер полкін жасақтауға қатысты. 1919-1921 жылдары Семей губревкомы мен губаткомының мүшесі болып, Семей, Өскемен, Аягөз, Зайсан университетінде ұйымдастырушылық-басшылық қызметтер атқарды.
1920 жылы Қазақ АКСР-нің Құрылтай съезінде ОАК-нің мүшелігіне сайланды. 1921-1926 жылдары Орал, Ақмола губерниясының прокуроры, Сырдария губаткомының төрағасы, Қазақ ОАК-нің нұсқаушысы қызметтерін атқарды. 1926 жылы «Сырдария ісі», «Шаян ісіне» қатысты жауапқа тартылды. 1926-1927 жылдары - Қазақ АКСР-інің байланыс халық комиссары.
1927 жылы Семейде өткен атаман Анненковқа қарсы сотта мемлекеттік айыптаушы болды. Өмірінің соңғы жылдарында Қызылорда мен Алматыда әр түрлі кеңес, партиялық, шаруашылық қызметтер атқарды. Қазақстандағы жер мәселесі, ауылдағы тап тартысты, байлардың мүлкін тәркілеу, мекемелерді қазақыландыру, т.б. социалистік қайта құрулар мен голощекиндік ұлт саясатына қарсы күрескені үшін, «сәдуақасовшылдық», троцкилік оппозицияның көрнекті өкілі ретінде қудаланып, бірнеше рет партия қатарынан шығарылды.
Ыдырыс Мұстанбаев әдеби сынға өзіндік үлес қосып, қазақ әдебиетінің тағдырына қатысты талас-тартысқа белсене араласты. Абай, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтардың шығармашылық мұрасын таптық-идеологиялық шабуылдан қорғады.
Саяси қуғын сүргіннің құрбаны болды. 1991 жылы 18 ақпанда ақталды.
58 жыл бұрын (1960) ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Аманияз Қасымұлы ЕРЖАНОВ дүниеге келген.
Ол Батыс Қазақстан облысында туған. Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын (1982); БЛКЖО ОК жанындағы жоғары комсомол мектебін (1987); Қазақ мемлекеттік басқарма академиясын (2001) тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1982 жылы Орал облысы Тайпақ ауданының Красноярский кеңшарының бас инженер-гидротехнигі (1981-1984); Тайпақ аудандық комитетінің бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі, ҚЛКЖО Орал облыстық комитеті инструкторы (1984-1986); ҚЛКЖО Орал облыстық комитетінде кабинет меңгерушісі, бөлім меңгерушісі (1987-1989); ҚЛКЖО ОК сектор меңгерушісі, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі (1989-1991); Қазақстан Республикасы Жастар істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің халықаралық байланыстар және жастар туризмі басқармасының бастығы (1991-1993); «Тенгри» БК менеджері (1993); Атырау мұнай өңдеу зауытының Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры (1993-1995); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі (1995-1997); ҚР Мемлекеттік кеден комитетінің департамент директоры (1997-1998);
ҚР Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының экономика және қаржы саласындағы сыбайлас жемқорлыққа талдау секторының меңгерушісі (1999); Атырау облысы бойынша кеден басқармасы бастығының міндетін орындаушы, бастығы (1999-2001); ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің Кеден комитеті төрағасының орынбасары (2001-2002);
ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (2002-2004); ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының бірінші орынбасары (2004-2005);
ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2005-2006); Қарағанды облысы әкімінің орынбасары (2006-2007); ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары, ҚР ИЖТМ Өнеркәсіп комитетінің төрағасы (2007-2012); ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары (2012-2014);
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы (2014-2017);
ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі (2017-2018).
Қазіргі лауазымын атқаруға 2018 жылғы маусымда кірісті.
55 жыл бұрын (1963) Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының әкімі Мәден Тоқтарбайұлы МҰСАЕВ дүниеге келді.
1989 жылы Алматы зоотехникалық Малдәрігерлік институтын «мал дәрігері» мамандығы, 1998 жылы Қырғыз мемлекеттік ұлттық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Жаңа тұрмыс совхозының мал дәрігері болып бастаған. 1990-1991 жылдары Путь Ленина колхозының бас мал дәрігері, 1991 жылы Қордай аудандық мал дәрігерлік стансасының бас малдәрігері, 1991-1992 жылдары «Ақ бұлақ» АҚ-ның аға малдәрігері, 1992-2003 жылдары «Сарыбұлақ» совхозының бас зоотехнигі, мал шарушалығы цехының бастығы, 2003-2004 жылдары «Бірлік үстем» өндірістік кооперативінің төрағасы, 2004 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қордай аудандық аумақтық басқармасының бастығы,
2004-2008 жылдары Шу ауданы әкімінің орынбасары, 2008-2010 жылдары Мойынқұм ауданының әкімі, 2010 жылы Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі, 2010-2015 жылдары Алматы облысы Іле ауданы әкімінің орынбасары, 2015 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданының әкімі; Жамбыл облысы әкімінің орынбасары (2017-2018) қызметтерін атқарған.
Қазіргі лауазымын атқаруға 2018 жылдың қазан айында кірісті.
54 жыл бұрын (1964) «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Алик Сафарбекұлы ӘШІРОВ дүниеге келді.
Ол Қарағанды политехника институтын, тау-кен инженер-механигі (1986); М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, құқықтану (2001) мамндықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолы: «Қараметавтоматика» ғылыми-өндірістік бірлестігінде инженер, металлургиялық газдардың құрамын бақылау әдістері мен құралдары бөлімінің инженер-конструкторы (1986-1990); Алматы облысы әкімінің кеңесшісі (1997-1998); Алматы облысы әкімі аппаратының ауыл шаруашылығы және экология бөлімінің агроөнеркәсіп кешені секторының бас маманы (1998-1999); Жамбыл облысы әкімі істерін басқарушының орынбасары (1999);
Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі (1999-2000); Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі (2000-2004); Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің шаруашылық қамтамасыз ету, кадрлармен жұмыс және бухгалтерлік есеп басқармасының бастығы (2004-2005); Алматы облысы әкімінің көмекшісі (2005-2011); Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы аппаратының басшысы (2012-2013); «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының автошаруашылығы» РМК директоры (2013-2014).
Қазіргі лауазымын 2014 жылдан бері атқарып келеді.
44 жыл бұрын (1974) Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің ректоры Ерсін Тұрсынханұлы ЖҮНІСОВ дүниеге келді.
1997 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясының емдеу факультетін үздік дипломмен бітірген. 2013 жылы Қазақ гуманитарлық заң инновациялық университетін экономика мамандығы бойынша бітірген.
1997-2000 жылдары Семей мемлекеттік медицина академиясының травматология, ортопедия және ӘДХ кафедрасының аспиранты, 2000-2001 жылдары ҚР ҚК қатарында қызметте болған. 2002-2003 жылдары Қазақ мемлекеттік медицина академиясының травматология, ортопедия және ӘДХ кафедрасының оқу ісі меңгерушісі, 2003-2006 жылдары Қазақ мемлекеттік медицина академиясының емдеу факультетінің деканының орынбасары, 2006 -2009 жылдары Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының бөлім бастығы, 2009-2014 жылдары «Республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығы» АҚ-да көптеген жарақаттар бөлімшесінің меңгерушісі, хирургия бөлімінің, ортопедиялық хирургия және коагулопатия бөлімінің басшысы, инновация және ғылым жөніндегі директоры,
2014-2016 жылдың сәуіріне дейін Астана қаласы әкімдігі ШЖҚ РМК «№1 қалалық аурухана» бас дәрігерінің инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары, 2016 жылдың сәуірінен 2016 жылдың қазанына дейін ШЖҚ РМК «Семей қаласы мемлекеттік медицина университеті» стратегиялық әріптестік және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры,
2016 жылдың қазанынан 2017 жылдың мамыр айына дейін Астана қаласы әкімдігі ШЖҚ РМК «№1 қалалық аурухана» көптеген жарақаттар және қалпына келтіру ортохирургия орталығының басшысы, 2017 жылдың мамырынан 2017 жылдың тамыз айына дейін Семей қаласы мемлекеттік медицина университетінің стратегиялық әріптестік және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, ректордың міндетін атқарды.
Қазіргі қызметінде - 2017 жылдың тамызынан бері.