18:57, 07 Қараша 2021 | GMT +6
8 қарашада елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 8 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
Сағат 10.00-де Мәжілісте Үкімет сағаты өтеді.
Сағат 12.00-де «Nazarbaev Ortalyǵy» дамыту орталығында «Кім ақылды?» интеллектуалдық-танымдық ойыны бойынша халықаралық онлайн-турнирдің жеңімпаздарын марапаттау өтеді.
Сағат 16.00-де Astana Hub алаңында Ozim Platform мобильдік қосымшасының таныстырылымы өтеді. Қосымша дамуында ерекшелігі бар балалардың ата-аналарына арналған. Оны жасап шығарған Назарбаев Университеті Жоғарғы білім мектебінің түлегі мобильдік бағдарламаның мүмкіндіктері мен оны жасап шығаруға не түрткі болғанын айтып береді.
Сағат 16.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының мәжіліс залында заңнама, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс мәселелері бойынша тұрақты комиссия отырысы өтеді.