8 қазан күні ауа райы қандай болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 8 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жамбыл облысының кей жерлерінде бүгін тұман түсіп, найзағай болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал.
Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с болады.
Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Маңғыстау облысы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.