8 қазанда елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 8 қазан күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

8 қазанда елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Сенаттың кезекті отырысы басталады. Сенат отырысы палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн көрсетіледі.

11:00-де алғашқы психикалық денсаулық орталығының ашылуы болады.

12.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Елорданы цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру» тақырыбында онлайн брифинг өтеді.

Онлайн баспасөз-конференциясы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facеbook ресми парақшасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

14.00-де Назарбаев Университеті Ұлы ақын Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Абай және адамзаттық гуманизм» тақырыбында халықаралық форум өткізеді.

АЛМАТЫ

10.00-де Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі қаланы абаттандыру нысандарына пресс-тур ұйымдастырады.

11.00-де ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Алматы облысындағы «Есік форель» шаруашылығына пресс-тур өткізеді.