8 қазанда Қазақстанның батысында және солтүстігінде түнгі уақытта жылбысқы қар жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндеріндегі жаңбыр, шаңды дауылды қатты желге қарамастан, Қазақстанның ауа температурасы климаттық нормадан 1-3 градус, оңтүстік және шығыс өңірлерде 3-8 градус жоғары.

8 қазанда Қазақстанның батысында және солтүстігінде түнгі уақытта жылбысқы қар жауады

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Таяудағы үш тәулікте республиканың оңтүстігінде және шығысында осы аумаққа жылжитын антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі және аздаған суықтан кейін қайтадан температураның көтерілуі күтіледі. Қазақстанның батысында және солтүстігінде бәрі керісінше. Егер жақын арадағы екі тәулікте жылылық және жауын-шашынсыз ауа райы сақталса, онда Ресейдің Еуропа аумағының солтүстік-батыс аудандарынан жылжитын циклон 8 қазанда жаңбыр әкеледі, түнгі уақытта жылбысқы қар жауып, күннің суыта түсуіне соқтырады.