8 қазанда солтүстік өңірлерде күн жаңбырлы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет мамандары 8 қазан, сенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

8 қазанда солтүстік өңірлерде күн жаңбырлы болады

Еліміздің солтүстік өңірлерінің ауа райына әлі де циклон әсер етеді. Осыған байланысты атмосфералық фронттар ықпалымен жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды.

Түнде еліміздің солтүстік-батысында жаңбыр немесе қар жаууы мүмкін.

Еліміздің шығыс жартысы әлі де антициклонның ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Кезекті антициклонның жылжуымен батыс өңірлерде де жауын жоқ, күн ашық.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғып, түнде солтүстікте, батыста тұман түседі.