8 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 8 қыркүйек күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
11.00-де «Самұрық-Қазына» АҚ кеңсесінде Болат Жәмішевтің төрағалығымен Ұлттық пошта байланысының операторы «Қазпошта» АҚ қызметі туралы қоғамдық кеңес отырысы өтеді. Сарапшылардың сұрақтарына «Қазпошта» АҚ Басқарма төайымы Әсел Жанасова жауап береді.
11.00-де Конгресс-орталықта Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңірлік терроризмге қарсы құрылым кеңесіне Қазақстан Республикасының төрағалық етуі шеңберінде кеңестің 40-отырысының ресми ашылуы өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанда күзгі шақыру науқанының басталуы» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Қарулы Күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы генерал-майор Артықов Бауыржан Шұбайұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
15.00-де Астанадағы KASE кеңсесінің ашылу салтанаты өтеді. Басқарма төрағасы Алина Алдамберген мен Басқарма төрағасының кеңесшісі Дәурен Тасмағамбетов құттықтау сөз сөйлейді.
18.15-те «Астана Операның» 11 театр маусымының ашылуына орай баспасөз шарасы өтеді.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы қойылады.