8 қыркүйекте елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 8 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

8 қыркүйекте елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Astana Hub-та ауыл шаруашылығын дамытуда жоғары технологиялық әдістемелерді талқылауға бағытталған «Agritech-Efficiency&Resiliency» атты халықаралық конференция өтеді.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы басталады.

10.00-де ҚР Ұлттық музейінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ART-EXPO халықаралық көрмесінің ресми ашылуы өтеді. Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, бірқатар дипломатиялық миссиялардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ мәдениет және өнер қайраткерлері қатысады.

10.00-де «Астана» Халықаралық қаржы орталығында «E-commerce Forum» электронды коммерция форумы өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «ҚР Президентінің Жолдауы аясында әлеуметтік-экономикалық даму жоспары туралы» баспасөз мәслихатын өткізеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

16.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтеді.

17.00-де «Астана Опера» театрында әлемдік опера сахнасының жұлдызы, сопрано Суми Чоның (Корея) қатысуымен 10-шы мерейтойлық маусымның ашылуы туралы баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.