8 қыркүйекте Қазақстанда тұңғыш рет Отбасы күнi аталып өтедi

АСТАНА. 28 тамыз. ҚазАқпарат - 8 қыркүйекте Қазақстанда тұңғыш рет Отбасы күнi аталып өтедi. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар орталығының ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев мәлiм еттi.

8 қыркүйекте Қазақстанда тұңғыш рет Отбасы күнi аталып өтедi

"Мемлекет басшысының Жарлығымен бұл күн осы жылдан бастап қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтiледi. Ел Президентi мемлекет - отбасыдан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын тағы да атап өткiм келедi. Отбасы күнiне орай 6 қыркүйек күнi Республикалық әйелдер кеңесi "Отбасы және ұрпақтық-әлеуметтiк әдiлеттiлiк" тақырыбында халықаралық конференция ұйымдастырады", - дедi А.Әбибуллаев.