8 мамыр. Тұлғалар туған күн

туған күн
Фото: Kazinform

Бүгін, 8 мамыр күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

87 жыл бұрын (1937) қазақтың атақты актері, режиссер Асанәлі ӘШІМОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны бітірген, драма театрының актері. Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының профессоры. Бірнеше кітаптың авторы.

1961 жылдан «Қазақфильм» киностудиясының және 1964 жылдан М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері болды. «Ботагөз», «Асау Ертіс жағасында», «Бір ауданда», «Ұшы-қиырсыз жол» «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», «Жаушы» және басқа да көптеген фильмдерге түскен. Театрда «Абай» спектаклінде Абай, «Еңлік-Кебекте» Кебек, «Қарақыпшақ Қобыландыда» Шуақ, «Қан мен терде» Еламан рөлдерін сомдады. Н.Гогольдің «Ревизорын», Ғ.Мүсіреповтің «Амангелді», Н.Оранбаевтың «Мен ішпеген у бар ма?» Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» спектакльдерін сахналады. «Шоқан Уәлиханов», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмдерін түсірді.

«Отан» орденімен, М.В.Ломоносов атындағы, «Алтын қыран» ордендерімен марапатталған. КСРО және ҚР Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

63 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Нұрлан Жексембайұлы БЕКЕНОВ дүниеге келді.

Көкшетау облысында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын, Көкшетау экономика және менеджмент институтын бітірген.

Еңбек жолын 1979 жылы бастаған және 1994 жылға дейін Көкшетау облысының Ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс істеген. 1994-1996 жылдары Көкшетау облысы Қаржылық бақылау басқармасының бас бақылаушы-ревизоры, 1996-1997 жылдары Көкшетау облысы Салық басқармасының бас салық инспекторы, 1997-1998 жылдары Көкшетау қаласы әкімі аппаратың нарықтық қатынастар, кәсіпкерлік бөлімі меңгерушісі, 1998-2000 жылдары Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Ақмола облысы бойынша департамент директорының орынбасары қызметінде болды. 2000-2007 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, 2007-2009 жылдары Ақмола облысы бойынша Халық банкінің зейнетақы қорының директоры, 2010-2011 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы бақылау және аккредиттеу басқармасының бастығы, 2011-2017 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы, 2017-2018 жылдары Ақмола облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы, 2018-2020 жылдары Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы қызметін атқарған.

Қазіргі қызметін 2020 жылдың тамыз айынан бастап атқарып келеді.

«Қазакстан Конституциясына 20 жыл», «Қазакстан Республикасының Тәуелсіздіке 25 жыл», «Қазақстан Республикасының полициясына 25 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Қазакстан Конституциясына 25 жыл», «Қазақстанның Еңбек Ері» медальдарімен марапатталған.

54 жыл бұрын (1970) Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Амангелдіқызы ҚҰРМАНОВА дүниеге келді.

Павлодар облысының Железин ауданы Абай ауылында туған. 1992 жылы Павлодар педагогикалық институтын орыс тілі мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Павлодар облысы Май ауданы Ақшиман орта мектебінде бастады. 1996-1998 жылдары осы мектепте директордың орынбасары, директор болып жұмыс істеді. 1998-2002 жылдары Екібастұз қаласының №10 жалпы білім беру орта мектебінде мұғалім, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып еңбек етті. 2002-2009 жылдары Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы, Екібастұз қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары қызметін атқарған. 2009-2011 жылдары Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының басшысы, 2011-2014 жылдары Павлодар облысы Лебяжі ауданының әкімі, 2014-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды.2016-2020 жылдары VІ шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі қызметін атқарған.

2020 жылғы шілдеден бастап қазіргі қызметінде.

53 жыл бұрын (1971) ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Васильевич CКЛЯР дүниеге келді.

Павлодар қаласында туған. Экономист және заңтану мамандықтары бойынша Мәскеу заманауи бизнес институты мен Қазақ құқықтану және халықаралық байланыс институтын бітірген.

Еңбек жолы: 1989-1990 жылдары «Екібастұзкөміравтоматика» монтаждау-жөндеу басқармасының монтажшы-слесары, «Казпромтехмонтаж» өндірістік-монтаждау басқармасының Екібастұз құрылыс басқармасының монтажшысы болып жұмыс істеген. 1990-2002 жылдары коммерциялық құрылымдарда еңбек еткен. 2002-2003 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің өтеуге шамасы келмейтін қарыздарымен жұмыс жөніндегі комитеттің Павлодар облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы қызметін атқарған. 2003-2005 жылдары Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, 2005-2006 жылдары Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы, әкім орынбасары, 2006-2007 жылдары Астана қаласының әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі, 2007-2008 жылдары Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры, 2008-2010 жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары, 2010-2011 жылдары Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып еңбек еткен. 2011-2013 жылдары ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі, 2014-2016 жылдары «Қазақстан темір жолы» АҚ вице-президенті болды, 2016 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің VІ шақырылымында «Нұр Отан» партиясынан депутат болып сайланды, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы болды. Сол жылғы мамырда ҚР экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. 2017-2019 жылдары ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі, 2019 жылы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметін атқарды. 2019-2022 жылдары ҚР премьер-Министрінің орынбасары лауазымын атқарған

Қазіргі лауазымында – 2022 жылғы қантар айынан бастап.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

47 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі Қоғамдық палатасының сарапшысы Айжан Амангелдіқызы СҚАҚОВА дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін; академик А.П.Капицаның ғылыми мектебін бітірген.

Еңбек жолы: 2000-2012 жылдары инженер, экологиялық жобалау саласындағы ұйымның басшысы, 2011-2012 жылдары «Қазақстан Республикасының Ұлттық Инженерлік академиясы» ғылыми қызметкері, 2010-2020 жылдары ҚР Қазақ табиғатты қорғау қоғамы төрағасының орынбасары, 2013-2021 жылдары «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ экология проблемалары ғылыми-зерттеу институтының» директоры, 2021-2023 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі қызметін атқарған.

«Қазақстан Республикасының экология саласына 30 жыл», университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға 80 жыл» медальдарымен марапатталған. Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін «Алтын жүрек» ұлттық сыйлығына ие болған.

Соңғы жаңалықтар