8 мамыр Қазақстанның барлық аймағында ауа райы тұрақсыз болады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 мамыр күні Қазақстанның барлық аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады, желдің күшеюі күтіледі, батыста кей жерлерде бұршақ болады. Оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

8 мамыр Қазақстанның барлық аймағында ауа райы тұрақсыз болады - Қазгидромет

Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағаймен жел 15-20 м/с болады. Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай, күндіз жел 15-20 м/с болады. Қызылорда, Атырау, Ақтобе облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Батыс Қазақстан облысында найзағай, кей жерлерінде бұршақ, жел 15-20 м/с болады. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағаймен жел 15-20 м/с, тұман күтіледі. Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.