19:50, 07 Мамыр 2012 | GMT +5
8 мамырда Қазақстанның көптеген облыстары антициклон ықпалында болады
АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - 8 мамыр күні Қазақстанның көптеген облыстары жауын-шашынсыз ауа райы күтілетін антициклон ықпалында болады, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай облыстарында кейбір жерлерде 15-21 м/с жылдамдықпен, жекелеген аудандарда - шаңды дауылмен жел соғуы күтілуде.
Солтүстік Қазақстан облысында кейбір жерлерде тұман түседі.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде өрт қауіптілігі жоғары болады деп күтіліп отыр.