8 маусым. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2012 жылғы 8 маусымға арналған күнтізбесін ұсынады.

8 маусым. ҚАЗАҚПАРАТ  КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

8 маусым, ЖҰМА

Бүкіләлемдік мұхиттар күні. Мереке 1992 жылы Рио де Жанейрода өткен жоғары деңгейдегі Халықаралық саммитте қабылданған. Дегенмен бұл мерекені әлі күнге дейін БҰҰ бекіткен жоқ, бірақ Халықаралық мұхитқа еш қатысы жоқ адамдар да атап өтеді. Егер бұл мереке Біріккен Ұлттар Ұйымымен ресми түрде қабылданса, адамзат барлық адамдар күшімен табиғатты жақсырақ күйінде сақтап қалуға мүмкіндік алады. Мұхиттың флорасы мен фаунасына қамқорлық көрсету оның көптеген мекендеушілерінің жойылып кетуінің алдын алу болып табылады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

20 жыл бұрын (1992) Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Шетел инвестициялары жөніндегі ұлттық агенттігі құрылды.

14 жыл бұрын (1998) Астанада «Интерконтиненталь» қонақ үйі алғашқы меймандарды қабылдауға әзір болды.

14 жыл бұрын (1998) Астанада Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ескерткішінің ашылу рәсімі болды. Ескерткіш авторы мүсінші - Мұрат Мансұров.

14 жыл бұрын (1998) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен, жаңа астанада «Шеврон», «Тексако» және «Аджип» компаниялары салған әлемдік стандартқа сай жанар-жағар май стансаларының ашылу салтанаты өтті.

88 жыл бұрын (1924) патша үкіметінің «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы» жарлығымен Көкшетау округі құрылды.

13 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев «Түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін» сыйлығын иеленді.

11 жыл бұрын (2001) Астанада бірінші қазіргі заманғы өнер галериясының ашылу салтанаты өтті.

9 жыл бұрын (2003) Халықаралық «Астана - 2003» атты тұңғыш қазақ әндерінің конкурсы өтті.

188 жыл бұрын (1824) Канаданың  Квебек қаласының тұрғыны Ноа Кашинг кір жуатын машинаға патент алды.

143 жыл бұрын (1869) Чикаголық Айвз Макгаффни әлемдегі алғашқы шаңсорғышты жасап шығарды. Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігінде ременмен қозғалатын желдеткішке жалғанған тұтқа орнатылған болатын. Бүгінгі таңда үй шаруашылығына аса қажетті жабдықтың біріне айналған шаңсорғыш бастапқы құны 25 АҚШ долларын құрады.

7 жыл бұрын (2005) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы «Президент-отельдің» ашылу рәсіміне қатысты.

Ғимараттың жалпы ауданы 20500 шаршы метрді құрайды. Қонақ үй кешенінде стандартты екі орындық нөмірлерден бастап президенттік «люкстерге» дейін 168 нөмір бар. Сондай-ақ, мүгедектерге де арналған бір бөлме бар. «Президент-отельде» 500 адамдық бал залы, 175 орындық мәжіліс залы, кездесулер өткізетін 100 адамға есептелген екі зал, екі мейрамхана бар.

Құрылыс жұмыстарын түріктің «Симбол иншаат» компаниясы іске асырған.

7 жыл бұрын (2005) Қостанайда Қазақстан және Ресей шекара құрама жетекшілері арасында шекараны бірлесіп қорғау туралы ынтымақтастық келісім-шартқа қол қойылды.

Келісім-шартта есірткі қылмысына, халықаралық лаңкестікке, контрабандаға қарсы ынтымақтастық сұрақтары бойынша мәселелер алдын ала келісілген. Сонымен бiрге шекара және көші-қон заңындағы өзгерiстер туралы ақпарат айырбастаулар ескерiлген.

7 жыл бұрын (2005) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырының нұсқалары» атты кітаптың таныстырылымы болды.

Бүгінде «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының 20-дан астам үлгісі бар. Бұл жинаққа жырдың ХІХ-ХХ ғасырларда Петерборда, Қазан мен Орынборда араб әліпбиімен терілген бірнеше нұсқалары енгізілген. Аталған кітап жоғары оқу орындарының студенттері мен аспиранттарына, оқытушылар мен орта мектеп мұғалімдеріне арналған. Жинақты профессор Сұлтанғали Садырбаев дайындаған.

3 жыл бұрын (2009) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй қатынастары саласындағы азаматтардың мемлекеттік кепілдіктерін нығайтуға, көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын, адамдардың тұрмыстық жағдайларын жақсартуға және кондоминиум нысандарын басқару формаларын жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

6 жыл бұрын (2006) «Қазақ интернеті» қоғамдық бірлестігі қазақ тіліндегі тұңғыш пошталық сервер мен іздеу жүйесін іске қосты. Қазақ тілді пошталық сервер латын әрпінде де қызмет көрсетеді: латын әрпінің қазақша үлгісі ретінде ҚазАқпарат агенттігі қолданысқа енгізіп үлгерген академик Әбдуәли Қайдаровтың нұсқасы алынды. Тұңғыш қазақ тіліндегі серверді: http://mail.qazaq.kz, ал іздеу жүйесін: www.qazaq.kz/izdew.php бойынша табуға болады.

ЕСІМДЕР

43 жыл бұрын (1969) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медииналық көмекті ұйымдастыру департаменітінің директоры ТӨЛЕҒАЛИЕВА Ажар Ғинаятоллақызы дүниеге келді.

Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1994-1999 жылдары - Ақтау қалалық орталық ауруханасының бөлімше меңгерушісі. 1999-2001 жылдары - Маңғыстау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары. 2001-2005 жылдары - Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры Қазіргі қызметінде 2005 жылдан бастап істейді.

117 жыл бұрын (1895-1966) иран оқымыстысы, жазушы, Иран тілі мен әдебиеті академиясының мүшесі НАФИСИ Саид дүниеге келді.

Теһран университетінің парсы тілі мен әдебиеті тарихының профессоры болған.

Оның негізгі еңбектері Иран, Орта Азия, Үндістан халықтарының әдебиеті мен тарихына, орыс және батыс еуропа елдерінің әдебиеті мәселелеріне арналған. Рудаки туралы монографияның, «Бахрейн тарихы», «Қазіргі Иранның әлеуметтік-саяси тарихы» шығармармаларының, «Фарангис» романының, «Жұмаққа барар жарты жолда» памфлет-романының авторы.

87 жыл бұрын (1925) математик және физик, мемлекет қайраткері, КСРО Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері МАРЧУК Гурий Иванович дүниеге келді.

Санкт-Петербор мемлекеттік университетін және аспирантурасын бітірген.

Негізгі ғылыми еңбектері есептеу және қолданбалы математикаға арналған. Оның басшылығымен және тікелей араласуымен Қазақстан үшін есептеу және қолданбалы математика саласы бойынша біліктілігі жоғары ғылыми кадрлар тәрбиелеу жөнінде көптеген жұмыс атқарды. Ол Қазақстандағы есептеу математикасы мектебінің негізін қалады.

3 мәрте Ленин орденімен және медальдармен марапатталған.

56 жыл бұрын (1956) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Аңсар» ғылыми-танымдық көпшілік журналы бас редакторының орынбасары МАУҚАРҰЛЫ Абай дүниеге келді.

Моңғолияның Баянөлгей аймағында туған. 1991 жылы тарихи отаны Қазақстанға көшіп келгеннен кейін еларалық «Шалқар» газетінің тілшісі, «Ана тілі» апталығының бөлім меңгерушісі, «Қазақ елі» газетінің бөлім редакторы, еларалық «Көш» газетінің редакторы, «Қазақстан-Заман» газетінің жауапты хатшысы болған.

Мерзімді басылымдарда шеттегі қазақтар өмірінен «Жүз жылғы көші-көн», «О қазақпен бұ қазақ», «Жылқы мінез қазақтың жерсінбеген жері бар», «Дәстүр үшін жанпида» секілді көптеген ой-толғаулары жарияланған. Түрік-монғолдың көне әдеби мұрасы «Алтын шежірені», Тибет ғибратнамасы «Субасшитті» (Асыл сөз) қазақшаға аударып, жеке кітап қылып бастырған. Оның жекелеген туындылары «Көш-керуен», «Ата салтыңды аяла», «Алғашқы ұстаз» атты жинақтарға енген.

46 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, 1-ші сыныпты Төтенше және Өкілетті Елші САРЫБАЙ Қайрат Шораұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Андрей Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген. 1988-1989 жылдары - Қазақстан Ғылым Академиясы Ұйғыртану институтының аға зерттеушісі. 1989-1991 жылдары - КСРО Ғылым Академиясының Тіл білімі институты Ленинград бөлімшесінің өтілші-зерттеушісі. 1991-1992 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консульдық бөлімінің екінші хатшысы. 1992-1994 жылдары - Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің үшінші хатшысы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ақпараттық-талдамалық басқармасының кеңесшісі. 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің екінші хатшысы. 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Протокол қызметінің жетекшісі. 1997-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз қызметінің жетекшісі - баспасөз хатшысы. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі. 1999-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2003-2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Германия Федеративті Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2008-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті көмекшісі. Қазіргі қызметінде 2010 жылдың қыркүйегінен бастап істейді.

«Ерен еңбегі үшін», «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған. «Қызмет үшін ГФР Ұлы кресті» шетелдік орден иегері. «Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Республикасының Президенті» кітабының авторы, «Астана - өмір әуені» кітабының бас редакторы, «Қазақстан - Еуразия жүрегі» кітабының редакциялық алқасының мүшесі. Көне түркі филологиясы туралы, халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері туралы ғылыми және ғылыми-танымдық мақалалардың авторы.

45 жыл бұрын (1967) ҚР-ның Сингапур Республикасындағы, Австралия мен Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі БАУДАРБЕК-ҚОЖАТАЕВ Ерлан Кеңесұлы дүниеге келді.

Тараз қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, журналист.

1992-2008 жылдары ҚР СІМ аумақтық басқармалары мен департаменттерінде әртүрлі лауазымдарда болды.

Қазіргі қызметінде - 2008 жылғы қаңтардан бері. 

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен, ҚР құрмет грамотасыменРК (2007), ҚР Президентінің Алғысхатымен марапатталған (2006).

62 жыл бұрын (1950) ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар,  қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі АДЫРБЕКОВ Икрам Адырбекұлы  дүниге келді.

Өзбекстанда, Ташкент облысының Шыназ қаласында туған.Алматы зооветеринарлық институтын, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Ғалым-зоотехник, экономист, мемлекеттік және муниципалдық басқару менеджері, экономика ғылымдарының докторы.

ҚР сыртқы істер министрінің орынбасар,  Қзылорда облысының әкімі, Қазақстакн Республикасының Литвадағы, Малайзиядағы және Қытай Халқ Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып жұмыс істеді.

«Құрмет», «Парасат», Литваның Ұлы Князь Гидеминас» ордендерімен, бес медальмен марапатталған.