Бір фильмге $450 мың: Астанада AI байқауының жеңімпаздары белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда алғаш рет Astana AI Film Festival кинофестивалі өтті. Байқауға әлемнің 125 елінен 8 067 өтінім түсіп, ол жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдер арасындағы ең ірі халықаралық байқаулардың біріне айналды.

8 тысяч заявок и $450 тысяч победителю: в Астане объявили победителей первого AI Film Festival
Фото: Kazinform

Астанада фестиваль жеңімпаздары анықталды.

Гран-при мен 450 мың долларды (шамамен 201,5 млн теңге) Латвиядан келген Николай Шестак (Nikolay Shestak) «The First Honest Day» фильмі үшін жеңіп алды.

Қазақстандық Мырзахан Жұмахан «Үздік кейіпкер» номинациясында жеңімпаз атанды. Оның «It Was Just a Joke» комедиясында ит пен иесінің ағасы әзілге бола сөзге келіп қалады. Оқиға әрі қарай нағыз блокбастер желісіне ұласады. Автордың айтуынша, ол әзіл-қалжың мен көңілді оқиғаларды ұнататындықтан, осындай фильм түсірген.

8 тысяч заявок и $450 тысяч победителю: в Астане объявили победителей первого AI Film Festival
Фото: Kazinform

Екінші орынды үндістандық «SITARA» фильмі иеленіп, авторларына 200 мың доллар (шамамен 44,8 млн теңге) берілді. Үшінші орын мен 100 мың доллар испаниялық «Looking For Perseida» фильміне бұйырды.

8 тысяч заявок и $450 тысяч победителю: в Астане объявили победителей первого AI Film Festival
Фото: Kazinform

Мыңдаған өтінімнің ішінен финалға небәрі 25 жұмыс өтті. Оларды ЮНЕСКО-ның бұрынғы бас директоры Одри Азуле мен инвестор Баладжи Сринивасанды қоса алғанда, халықаралық қазылар алқасы бағалады.

Фестивальдің жалпы жүлде қоры 2 млн долларды (шамамен 895,5 млн теңге) құрады. Оның жартысы жүлдеге, қалған бөлігі болашағы зор AI-командаларды қолдауға және Қазақстанда кино өндірісін дамытуға бағытталды.

8 тысяч заявок и $450 тысяч победителю: в Астане объявили победителей первого AI Film Festival
Фото: Kazinform

Жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдер енді үлкен экраннан көрсетіліп, авторларына жүздеген мың доллар көлемінде жүлде беріліп жатыр. Астана алғаш рет осындай фестивальді қабылдап, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жұмыстардың үздіктері анықталған алаңға айналды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Astana AI Film Festival халықаралық кинофестивалін ашқан болатын.