8 млн. теңгеге жуық қаражатты қағып кеткен қарақшылар құрықталды

АСТАНА.  8 тамыз. ҚазАқпарат - Алматы қаласының криминалдық полиция қызметкерлері 58 жастағы әйел адамға қатысты жасалған қарақшылық шабуыл қылмысын ашты.
None
None

Бұл туралы бүгін ІІМ өткен брифинг барысында мәлім болды.

Министрдің баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораздың айтуынша, ағымдағы жылдың маусымында 34 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны бір топ адаммен бірігіп қылмысқа барады. Олар өздерін газ шаруашылығының қызметкеріміз деп таныстырып, жеке  үйлердің біріне кіріп, кейіннен аңшылық шолақ мылтықпен қорқыту жолымен жәбірленушінің 8 млн.-ға жуық (7 млн 966 мың.) ақшалай қаражатын ашық түрде иемденген.

«Тексеріс барысында күдіктінің бұрын да тонаушылық қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазіргі уақытта ұсталғандар Алматы қаласы ІІД уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Осыған ұқсас жасалған қылмыстарға қатыстылығы да тексерілуде. Қарақшылық шабуыл қылмысы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді баспасөз хатшысы.

Соңғы жаңалықтар