8 наурыз: 6000-дай ақмолалық көпбалалы анаға біржолғы төлем беріледі

Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлер арнайы төлемді қалай алады
Фото: gov.kz

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - 8 наурыз мерекесіне орай алты мыңға жуық ақмолалық көпбалалы анаға 2-ден 5 АЕК-ке дейінгі мөлшерде біржолғы төлем беріледі.

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметінше, әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес облыстың тоғыз өңірінде 8 наурызға дейін төлемдер анықталды. Оны “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен марапатталған немесе бұрын “Батыр Ана” атағын алған көп балалы аналары алады. Мұндай әйелдердің саны алты мыңға жуық.

“Ақмола облысының тоғыз өңірінде: Көкшетау, Степногор, Бурабай, Біржан сал, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Зеренді және Сандықтау аудандарында жалпы сомасы 101,2 млн теңгеге 2-ден 5 АЕК мөлшерінде төлемдер жасау көзделген”, - деді Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының қызметкері Бекзат Көшкенова.

Айтуынша, Көкшетау және Степногор қалаларында көп балалы аналар 5 АЕК (18460 тг) мөлшерінде төлем алады.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында борышкерлерден 70 млн теңге алимент берешегі өндіріп алынғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар