11:36, 08 Наурыз 2013 | GMT +5
8 наурыз - көктемнің, жақсылықтың жаршысындай екені даусыз - Сенат спикері Қ. Мәми
АСТАНА. 8 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми интернеттегі жеке парақшасы арқылы еліміздегі барша Аналарды, қазақстандық аруларды 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

«Табиғат алуан түске боялып, дүние құлпыра бастайтын осы мейрам - көктемнің, жақсылықтың жаршысындай екені даусыз. Айналасын ізгілік пен мейірбандық шуағына бөлеген, перзент өсіруді өмірлік мақсат еткен абзал Аналарды, елдің көркі болатын аруларды құрметтеу, олардың өмірін қорғау және денсаулығын сақтау - біздің мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтардың бірі. Көктем мерекесімен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға баянды бақыт пен мол ырыс, құт-береке тілеймін», деп жазады Сенат спикері өзінің интернеттегі жеке парақшасында.