8 наурыз күні ақтаулық қыз-келіншектер қоғамдық көлікте тегін қатынайды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай Ақтау қаласындағы қоғамдық көліктерде қыз-келіншектер тегін қатынайды. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атап айтқанда қаладағы 2, 3, 4, 4М, 5, 7, 8 маршруттарында жүру тегін болады» делінген баспасөз мәліметінде.

Сондай-ақ 19 наурыз сайлау күнінде және 22 наурыз күні қалалық бағыттардағы автобустармен жүру тегін болады.

Қоғамдық көлік өзінің тұрақты кестесі бойынша сағат 6:40-тан 21:00-ге дейін жүреді.


Соңғы жаңалықтар
telegram