8 наурыз күні Астанада температура -2-4 градус болады

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК-нің болжауынша, 5-8 наурыз күндері Астанада ауа райы ауыспалы бұлтты болады, кейде қар жауып, бұрқасындатады.
None
None

Шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғатын желдің екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы - түнде -8-10 C, күндіз -2-4 C.

Алматы қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауаның температурасы түнде +4+6oC, күндіз +16+18oC болады.

Ал 6-7 наурыз күндері күтіліп отырған қатты жаңбырларға байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының аласа таулы өзендерінде еріген қар мен жаңбыр суының тасқындары болатындығы ескертілді.

Шығыс Қазақстан облысында 5-8 наурыз аралығында ауа температурасының жоғарылауы мен жауын-шашындарға байланысты шағын өзендер мен жылғаларда су деңгейінің көтерілуі, таулардан жылғалармен сулардың ағуы, тасқындар мен су басу жағдайлары күтіледі.

Соңғы жаңалықтар