Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

8 наурыз мерекесінде әйелдер еркектерге қарағанда ақшаны көп жұмсайды - зерттеу нәтижелері

АЛМАТЫ. 26 ақпан. ҚазАқпарат - Халықаралық әйелдер күнінде қазақстандықтардың 98 пайызы бір-біріне сыйлық сыйлауды жоспарлап жүр. Бұл туралы «Хоум кредит банк» АҚ-ның бұл мерекеге деген жұртшылық көзқарасын анықтауға арналған зерттеуі кезінде анықталды.

8 наурыз мерекесінде әйелдер еркектерге қарағанда ақшаны көп жұмсайды - зерттеу нәтижелері

Телефон арқылы жүргізілген сауалнамаға бүкіл Қазақстан бойынша банктен бір рет болса да несие алған 18 және одан жоғары жастағы 900-ден астам респондент қатысқан. Олардың 2,5 пайызы бұл күнді қосымша демалыс күні деп есептейді. Ал ер азаматтардың 47 пайызы және әйелдердің 53 пайызы үшін бұл мейрам туыстары мен жақындарына өз сезімін білдіру мүмкіндігі болып табылады. 8 наурызға дәстүрлі сыйлық косметика және парфюмерия болып отыр. Сыйлықтарға жұмсалатын ең көп сома 5-10 мың теңге болмақ. Оны мерекеге сыйлық сатып алуды жоспарлап жүрген респонденттердің 20 пайызы атаған. Ал 15 пайызы 15-20 мың теңге көлемінде сома жұмсамақ.