8 наурыз мерекесіне орай елордалық сауда орындарында бірқатар тауарларға жеңілдіктер жасалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көктемнің шуақты мерекесі - 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні қарсаңында қалалық базарда барлық азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарларға 10% жеңілдіктер жасалады.
Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасынан хабарлады.
«5-8 наурызда «Артем» базарында күні бойы сағат 10.00-22.00 аралығында барлық азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарларға 10% жеңілдіктер жасалады», - деп хабарлады astana.kz сайтына ведомстводан. Айта кетейік, көктемгі мерекеге орай 3-9 наурызда «Жастар» сарайында тері өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді. Ал 1-8 наурызда Конгресс-холл сарайында «8 наурызға арналған сыйлықтар» мерекелік көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылып, сыйлық жиынтықтарының, кәдесыйлардың, зергерлік өнімдердің, косметика, парфюмерия, ойыншықтар, тоқыма, денсаулық пен үйге арналған тауарлардың мол таңдауы ұсынылады.