8 наурызда Қазақстан аумағының жекелеген жерлерінде жауын-шашын болып, жел күшейеді деп күтілуде - ауа райы

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады. Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді деп күтілуде. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай

8 наурызда Қазақстан аумағының жекелеген жерлерінде жауын-шашын болып, жел күшейеді деп күтілуде - ауа райы

отырып, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Республиканың шығысында аздаған жауын-шашын жауып, негізінен күн райы ашық болады деп күтілуде.

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстырының кей жерлерінде  тұман, көктайғақ болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде.

Батыс Қазақстан, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде тұман болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман болып,  15-20 м/с жылдамдықпен жел соғуы ықтимал.

8-11 наурыз аралығында Сырдария өзеніндегі Көктөбе су қоймасының төменгі бөлігінде, Шу өзенінде және Алматы облысының таулы аймақ өзендерінде мұз ериді. Шардара су қоймасына секундына 1200-1250 текше метр су келеді деп күтілуде.

Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады.

Алматы облысында ауа райының жылынуы мен жауын-шашынға байланысты қар ериді.