8 наурызда солтүстікте күн суытса, оңтүстікте найзағай жарқылдайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 8 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Суық ауа ағынының әсерінен солтүстіктегі өңірлерде күн суытады. Алайда, фронталды бөліктер оңтүстікте өз әсерін сақтайды – жауын-шашын (жаңбыр, қар). Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, батыста шаңды дауыл соғып, тұман түседі, оңтүстікте найзағай жарқылдайды.
Қарағанды облысының солтүстігі, шығысы, орталығында жел 15-20 м/с күшейіп, түнде бұрқасын болады, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.
Павлодар облысының түнде оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде солтүстігінде жаяу бұрқасын.
Ақмола облысының батысында тұман, түнде оңтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал, жаяу бұрқасын күтіледі.
Түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман, оңтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында тұман, найзағай, жел күшейеді -15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман, күндіз солтүстігі мен солтүстік батысында көктайғақ болады.
Күндіз Маңғыстау облысының батысы мен орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз шаңды дауыл тұрады.
Қостанай облысының оңтүстік-шығысында желдің 15 м/с күшеюі, оңтүстігінде тұман түсуі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жел тұрады, екпіні 15-20.
Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында тұман түседі, күндіз солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Атырау облысының солтүстігі, батысы мен орталығында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.