8 наурызға орай Қарағандыда 240 мың қызғалдақ өсірілді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай Қарағандының ірі жылыжай кешенінде 240 мың 750 қызғалдақ өсірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

8 наурызға орай Қарағандыда 240 мың қызғалдақ өсірілді

«Қызғалдақ - көктемді әрі көктемгі көңіл-күйді білдіретін нәзік әрі әдемі гүлдер. Арнайы 8 наурызға қызғалдақтың 12 сұрыбын отырғыздық», - деді «Green Technology» ЖШС бас агрономы Галина Кизилова.

Нәзік жандылар қауымына триумф-қызғалдақтар, лалатүстес қызғалдақтар, шашақты, жасыл түсті, дарвиндік, гибрид және өзге де қызғалдақ түрлері қуаныш сыйлайтын болады.

«Жуашықтарды Голландиядан алдырдық. Және 8 наурыз қарсаңында әсем өсімдіктер гүлдеді. Өткен жылы 220 мың қызғалдақ өсірсек, биыл 240 мың 750 данаға дейін көбейттік».

Гүл сататын дүңгіршек иелері барлық партияны сатып алды.