8 өңірде ауыр жүк тасымалдау көліктері қозғалысына қойылған уақытша шектеулер алынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында 15 тамыздан бастап ауыр жүк тасымалдау көліктерінің қозғалысына қойылған уақытша шектеулер алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Еске салайық, жазғы кезеңде мұндай көліктердің қозғалысына шектеулер 1 маусым мен 15 тамыз аралығында сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін ауа температурасы 25 градустан жоғары болған кезде енгізілген болатын.

ҚР Индустрия және инфрақұрылым министрлігінің мәліметіне қарағанда, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында ауыр жүк тасымалдау көліктерінің қозғалысына қойылған шектеулер 31 тамызға дейін сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін ауа температурасы 25 градустан жоғары болған жағдайда күшін сақтайды.

Жеке білігіне 8 тоннадан аса жүктеме түсіретін жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер жыл сайын енгізіледі. Бұл шектеулер халықаралық келісімдерге сәйкес жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдауды, төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын, тез бүлінетін тауарларды, жолаушыларды, жүктерді, бөлуге келмейтін көлемді әрі ауыр жүктерді Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша тасымалдайтын көліктерге, сондай-ақ, жолдарда қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдарға берілген көліктерге қатысты емес.


Соңғы жаңалықтар