8-сынып оқушысы жасөспірімді қағып кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Зеренді ауданында әкесінің көлігін рұқсатсыз мінген 8-сынып оқушысы 15-тегі жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8-сынып оқушысы жасөспірімді қағып кетті

Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Шағалалы ауылында 8 сәуір күні сағат 21:25-те болған. Оқиға туралы Зеренді аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті фельдшер хабарлайды.

«8-сынып оқушысы әкесіне тиесілі «ВАЗ-21112» автокөлігін рұқсатыз мініп кеткен. Сөйтіп, дүкен маңынан өтіп бара жатқан 15 жасар жасөспірімді байқамай қағып кетеді. Зардап шегуші түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», - деді ведомстводан.

Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 1-бөлігі «Жол жүру ержесін бұзу» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, көлік айыппұл тұрағына қойылды. Кінәлі баланың әкесін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Еске сала кетейік, Қызылордада жүргіншілер жолағынан өтпек болған оқушыны көлік қағып кеткен еді.