8 тамыз күні Қазақстанның басым өңірінде өткінші жаңбырлар жауып, найзағай ойнайды

АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтерінше,
None
None

8 тамызда республиканың көптеген облыстарында фронтальдық бөліктердің өтуімен байланысты, кейбір жерлерде өткінші жаңбырлар жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді.

Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде.

Ақмола, Павлодар облыстарында, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кейбір жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Қызылорда облысында шаңды дауыл күтілуде.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарында күндіз күн қатты ысиды. Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының кейбір жерлерінде күндіз күн қатты ыстық болады. Атырау облысында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейлерінің ауытқулары күтілуде.

Соңғы жаңалықтар