8 тамыз күні республиканың солтүстігінде бұршақ жаууы ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 тамыз күні Қазақстан территориясының солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс бөліктерінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай болады, түнде және таңертен солтүстіктің кей жерлерінде тұман байқалады, күндіз жекеленген аймақтарда бұршақ жаууы ықтимал.
None
None

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Республиканың калған аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде жел күшейеді, республиканың оңтүстігінде жел шаңды дауылмен болады. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жел шаңды дауылмен болады. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман байқалады. Күндіз Алматы облысында қатты ыстық сақталады. Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Батыс Қазақстан Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум