8 тамыз: Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 8 тамызға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

8 тамыз: Туған күн иелері

ЕСІМДЕР

59 жыл бұрын (1960) «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары – құрылыс және пайдалану жөніндегі басқарма мүшесі Рәшит Ахметұлы ӘБДІРАЗАҚОВ дүниеге келген.

Алматы Сәулет-құрылыс институтын бітірген (1982).

Еңбек жолы: Жамбыл металл құрылымдар зауытында инженер-конструктор; Ангрен картон комбинатының құрылысына қатысқан; «Астанаэнергосервис», «Ғаламдық технологиялар» ЖШС, «НТЦ Новые проекты» ЖШС, «Қазавиализинг» АҚ-да түрлі лауазымдар атқарған; Ұлттық ғарыш орталығының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, күрделі құрылыс департаментінің директоры, жобалау кеңсесінің басшысы, құрылыс және пайдалану жөніндегі вице-президенті (2009-2014); «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» «Ғалам» ЖШС еншілес кәсіпорнының «Ғарыш техникаларының арнаулы конструкторлық бюросы» жобасының менеджері (2014-2019).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылғы ақпанда кірісті.