09:36, 20 Қараша 2012 | GMT +5
8 жасар өзбекстандық Нөдірбек Әбдусатторов шахматтан Әлем чемпионы атанды
АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Нөдірбек Әбдусатторов 8 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында шахматтан өткен Әлем чемпионатында бірінші орынға ие болды.
Азия чемпионы Нөдірбек Әбдусатторов 11 ұпайдың 10-ын жинап, 8 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы атанды.
Естеріңізге сала кетейік, 1 жыл бұрын Нөдірбек Әбдусатторов 7 жасқа дейінгі ұлдар арасында өткен VII Азия чемпионатында жеңімпаз болды. Турнир Дели (Үндістан) қаласында өтті.