8 жасар Зауырбек Амангелді теннистен республикалық турнирдің жеңімпазы атанды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Астана қаласында 8-10 жас аралығында балалар арасында теннистен өткен «Қызғылт сары» доп республикалық турнирінде сырбойылық бүлдіршін Зауырбек Амангелді  жеңімпаз атанды. 

8 жасар Зауырбек Амангелді теннистен республикалық турнирдің жеңімпазы атанды

Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

null  

 Ол жасы кішілігіне қарамастан алты кездесуде де қарсыластарынан басым түсіп, жеңіске жетті. Болашағынан үміт күттіретін жас спортшыны жарысқа Нұрлан Жұрымбетов дайындады.

null  

Айта кетейік, бүгін Ақтөбеде теннистен 12 жасқа дейін жасөспірімдер арасында республикалық турнир басталды.