05:41, 08 Желтоқсан 2012 | GMT +5
80 миллион еуро көлеміндегі рекордтық джекпот ұтысы иесіз қалды
АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жалпыеуропалық EuroMillions лотереясының жеңімпазы 180 күннің ішінде өзінің 80 миллион доллар рекордтық джекпот ұтысын алуға келмеді, деп хабарлады Би-Би-Си.

Талап етудің соңғы күні 5 желтоқсанда Гринвич бойынша сағат 23:00-те (мәскеу уақытымен 6 желтоқсанда сағат 03:00-де) аяқталды. Лотерея өкілдері көлемі жағынан рекордтық иесіз ұтыс Ұлыбритания Ұлттық лотереясының қайырымдылық қорына берілетінін жариялады. Бұл ақша өнер, спорт, білім, экология және басқа да салалардағы жобаларды қаржыландыруға жұмсалатын болады.
Жеңімпазды жарты жыл бойы іздеді. Осы уақыт ішінде бес нөмірді және екі Бақытты Санды тапқан оның иесі бақытты билетті Англияның оңтүстік-шығысындағы Хартфордшир графтығында сатып алғаны анықталды.
«Миллионерді» іздестіруге телеарналар мен радиостансалар жұмылдырылды, лотерея қатысушыларының өз билеттерін «әбден тексеруі» жөнінде әлденеше рет құлаққағыс жасалды.