80 пілді өлтірген браконьерлер 16 жылға бас бостандығынан айрылды
АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Зимбабве соты 81 пілді өлтірген үш браконьердің әрбіреуін 16 жылға бостандығынан айыру туралы шешім шығарды, деп хабарлады «Новости» Ресей ақпараттық агенттігі.
Жергілікті билік өкілдерінің мәліметтері бойынша, қылмыскерлер жануарларға цианид беріп, улап өлтірген. Цианидті әдетте алтын іздеуде қолданады.
Соның кесірінен пілдермен бірге бір суаттан су ішкен өзге де жануарлар қырылып қалды.