80 жастағы хат танымайтын кейуана Құранды бастан-аяқ жаттап алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясында тұратын 80 жастағы әже қасиетті Құран Кәрімді толықтай жаттап алған. Жазу-сызуды білмейтін қария Құранның аудионұсқасын тыңдай отырып, қасиетті кітапты жатқа оқитын дәрежеге жеткен. Бұл үшін Вашма бин Зайд әл-Фифидің аттай 18 жыл уақыты кеткен көрінеді, деп жазады muslim.kz.

80 жастағы хат танымайтын кейуана Құранды бастан-аяқ жаттап алды

Хат танымаса да, Құранды жатқа оқитын қария жақында кіші қажылық рәсімін өтеген көрінеді. Арада екі күн өткен соң қария фәни дүниемен қош айтысқан.