80 жастағы зейнеткер сайлау учаскесіне барар жолда көз жұмды - Украина

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинадағы Луц қаласында (Волынский облысы) Королев көшесіне орналасқан сайлау учаскесіне жақын маңда 80 жасағы қарт ажал құшқан.

80 жастағы зейнеткер сайлау учаскесіне барар жолда көз жұмды - Украина

Бұл туралы кезекшілік бөліміне қайтыс болған зейнеткердің ұлы хабарлады, деп мәлімдеді Украина ІІМ Волынский облысы басқармасының қоғаммен байланыс секторы.

Оқиға орнына қалалық милиция бөлімінің жедел-тергеу тобы мен сот-медициналық сарапшылар аттанды. Олар келеңсіз жағдайдың себебін анықтауы тиіс. Әзірге белгілісі, қария сайлау учаскесіне бармақ болған.

Еске сала кетсек, бүгін Украинада кезектен тыс президенттік сайлау өтіп жатыр.