Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

80 жыл бұрын жоғалып кеткен тасманиялық жолбарыстар Австралиядан байқалған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның солтүстігінде бір мезгілде бірнеше тұрғын жолбарыс пен қасқырға ұқсайтын ерекше аңды байқап қалған. Алайда қандай аңды көргенін олар нақты айтып бере алмаған. Бұл туралы Life.ru The Independent-ке сілтеме жасап хабарлайды.

80 жыл бұрын жоғалып кеткен тасманиялық жолбарыстар Австралиядан байқалған

Аңды көрген азаматтар мен арнайы мәліметтерді салыстыра келе мамандар жергілікті тұрғындар осыдан 80 жыл бұрын жер бетінен құрып кетті, деп саналып келген тасманиялық жолбарысты байқаған деген байламға келіп отыр.

Осы оқиғадан соң зоологтар қалай болған күнде де қалған аңдарды табу үшін Кейп-Йорк жартылай аралына фото және бейнебақылаушыларды орнатты.

Соңғы тасманиялық жолбарыс немесе ел арасында ала қасқыр атанып кеткен аң 1930 жылы австралиялық зообақта өлген. Содан бері зоологтар аталған аң түрінің ең құрығанда біреуін болса та табамыз деген үмітпен жүр.